«FISH HOUSE» – ӨҢІРДЕГІ ІРІ БАЛЫҚ ӨСІРУ ЖОБАСЫ

«FISH HOUSE» – ӨҢІРДЕГІ ІРІ БАЛЫҚ ӨСІРУ ЖОБАСЫ
 
🇰🇿Төлеби ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов «FISH HOUSE» ЖШС-не арнайы барып, мекеменің жұмысымен танысты.
 
↪️«Fish House» ЖШС – заманауи балық шаруашылығының бірі. Жобаның жалпы инвестициялық құны 500 млн теңгені құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 450 тонна балық өсіруге жетеді. Сонымен қатар, жоба аясында 25 жаңа жұмыс орны ашылған. Киелітас ауылдық округінде орналасқан нысанды аралау барысында аудан әкімі балық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, саланың әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
 
↪️Бүгінде серіктестік сазан шабағы мен бекіре тұқымдас балық түрлерін өсірумен айналысуда. Әсіресе, бекіре (осетр) – бағалы әрі сирек кездесетін балық түрлерінің бірі. Оның еті жоғары сапасымен ерекшеленсе, уылдырығы (қара уылдырық) әлемдік нарықта аса жоғары сұранысқа ие. Сонымен қатар, бекіре балығы ұзақ уақыт өсірілетін, ерекше күтімді қажет ететін, бірақ экономикалық тұрғыдан тиімді өнім болып саналады.
 
↪️Сапар барысында жеке кәсіпкер Нұртас Шағыров шаруашылықтың алдағы жұмыс жоспарлары туралы баяндады. Кәсіпкер сазан балығын уылдырық арқылы көбейтіп, арнайы жасалған тоғандарда бекіре тұқымдас балық өсіруді қолға алған. Оның айтуынша, бекіре балығы арнайы жағдайды, таза суды және тұрақты бақылауды қажет етеді.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі