
Қабылдауға келген азаматтар өздерін толғандырған өзекті мәселелерін жеткізіп, тиісті сала басшыларының қатысуымен нақты жауаптар алды. Атап айтқанда, газ құбырын жылжыту, жер құжаттарын заңдастыру, жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, жер дауына қатысты күрделі жағдайлар да қаралып, заң аясында зерделеу үшін жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді. Екпінді елді мекенінің тұрғыны ауыз су мәселесін көтеріп, бұл түйткілдің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы жауапты мекемелерге нақты шаралар қабылдауды тапсырды.