СЕНБІЛІК БАРЫСЫНДА 1500 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

СЕНБІЛІК БАРЫСЫНДА 1500 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
 
🇰🇿 Төлеби ауданында Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кезекті жалпыаудандық сенбілік жоғары деңгейде өтті. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың үйлестіруімен ұйымдастырылған тазалық шарасы Ленгір қаласындағы «Төлеби баба» саябағында жалғасын тапты.
 
↪️ Игі іске аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы арнайы қатысып, көгалдандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарында белсенділік танытты.
 
📌 Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы: «Тазалық – әр тұрғынның жеке жауапкершілігі. Әрқайсымыз өз ауламыздан бастап, қоршаған ортаны аялауға үлес қосайық», – деп барша тұрғындарды тазалыққа шақырды.
Сенбілікке аудан тұрғындары, еріктілер, мемлекеттік қызметшілер мен түрлі мекеме ұжымдары атсалысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Жалпы саны 11 мыңнан астам адам жұмылдырылып, ауқымды жұмыстар атқарылды.
 
↪️ Шара барысында аудан көлемінде 1500 түп көшет отырғызылып, жасыл аймақтар кеңейтілді. Сонымен қатар, 1000 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, арнайы техникалардың көмегімен 20 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.
 
↪️ Айта кету керек, бұл — бір күндік науқан емес. Жыл басынан бері аудан бойынша 75 тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған 57 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Нәтижесінде жүздеген шақырым жолдар, арық-атыздар мен су арналары тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтірілді.
 
🌿 Мұндай игі бастамалардың басты мақсаты — тек тазалық сақтау емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
 
📍 Төлеби өңірін таза, көрікті әрі жайлы мекенге айналдыру — баршамызға ортақ міндет.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі