
2025 жылы аудан аумағында 41 заңды тұлға тіркеліп, жергілікті бюджет кірісі 1 млрд 83 млн теңгеге артты. Туристік аймақтардағы кәсіпкерлік нысандарды заңдастыру жұмыстары да салық түсімдерінің ұлғаюына оң әсерін тигізді.
Леңгір қаласын өндірістік орталық ретінде дамыту мақсатында жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылып, 85 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қала бюджеті де жыл сайын өсіп келеді: 2021 жылғы 92,1 млн теңгеден 2026 жылы 899 млн теңгеге жетеді деп күтілуде.
Әлеуметтік салада 2025 жылы 24 жобаға 4,9 млрд теңге бөлініп, тұрғын үй құрылысы, жол, су, электр және газ жүйелерін жүргізу жұмыстары атқарылды. «Алатау» шағын ауданында жаңа тұрғын алқаптары салынып, инфрақұрылым толық жүргізілуде. Қапал батыр көшесінде көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, әлеуметтік осал топтарға пәтерлер табысталады.