
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын негізге алған Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында әрбір азаматтың мәселесі жеке тыңдалып, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді. Ашық әрі мазмұнды өткен кездесуде азаматтар негізінен әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй кезегіне қатысты түйткілдер мен жер құжаттарын рәсімдеу жайын көтерді.