ҚАРАТӨБЕ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ: ЖАҢА ЖОБАЛАР МЕН НАҚТЫ ЖОСПАРЛАР

ҚАРАТӨБЕ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ: ЖАҢА ЖОБАЛАР МЕН НАҚТЫ ЖОСПАРЛАР
 
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі Ерекеғали Әлімқұловтың тұрғындармен кездесуі Қаратөбе ауылдық округінде жалғасты.
 
↪️ Кездесу барысында аудан әкімі елді мекендердегі өзекті әлеуметтік мәселелерге тоқталып, елді жаңғыртудың жаңа бағыттары жөнінде баяндады. Сондай-ақ округтегі мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.
 
↪️ Аудан әкімінің мәліметінше, 2025 жылы Қаратөбе ауылдық округі тұрғындарымен өткен кездесулерде 14 мәселе көтерілген. шешімін тапқан.
 
↪️ Бүгінгі күннің негізгі міндеттері – жаңа кәсіпорындар ашу, жұмыс орындарын құру және инвестиция тарту. Осы бағытта Киелітас ауылдық округінде 100 гектар аумақта индустриялық аймақ құру жұмыстары жүргізілуде. Жоба инфрақұрылымына 3,9 млрд теңге қарастырылған.
 
↪️ Сонымен қатар, Киелітас ауылдық округінде 14,5 гектар аумақта «Төлеби» индустриялық аймағы құрылған. Инфрақұрылымға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге аудандық бюджеттен 16 млн теңге бөлінді.
 
↪️ Аталған индустриялық аймақта жалпы құны 23,3 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру және 440 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
 
↪️ 2025 жылы 9 жобаға 248 млн теңге бөлініп, келесі жұмыстар атқарылды: – Балдыберек ауылындағы Турдалиев көшесінің 2,6 шақырымы жөнделді;
– «Қаратөбе–Қостөбе» жолының 2 шақырымы жаңартылды;
– Балдыберек өзені арқылы көпір салынды;
– Қаратөбе, Майбұлақ, Балдыберек ауылдарында көше жарықтандырылды;
– Бірқатар көшелерге шағал тас төселді;
– «Қызылтау» каналына шлюз орнатылды;
– Тазалық жұмыстарын жүргізуге арнайы техника сатып алынды.
 
↪️ 2026 жылы 3 жобаға 160 млн теңге қарастырылған. Соның ішінде Балдыберек өзеніндегі су тазарту нысанын қайта жаңғырту арқылы 12 елді мекеннің 25 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.
 
📌 Кездесу барысында тұрғындар тарапынан электр қуатын арттыру, ауыз су, шағын және орта бизнесті қолдау, жаяу жүргіншілер жолын салу, жолдарды жөндеу және кеңейту мәселелері көтерілді. Аудан әкімі аталған сұрақтарға жауап беріп, олардың шешу жолдарын түсіндірді.
 
⚜️ Кездесу қорытындысында аудан әкімі инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
 
✅ Жиыннан кейін аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі