АУЫЛ ИМАМЫНА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

АУЫЛ ИМАМЫНА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
 
🇰🇿 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Жаңаұйым елді мекенінде орналасқан «Жаңаұйым» мешітінің имамы Азамат Жанатұлына автокөлік табысталды.
 
↪️ Бұл игі бастама аудандық «Нұр» мешітінің ұсынысы негізінде жүзеге асып, «Ел ағалары» атты жомарт азаматтардың демеушілігімен ұйымдастырылды. Ел бірлігі мен ынтымағын ту еткен азаматтардың бұл әрекеті – ауыл имамдарының еңбегіне көрсетілген зор құрметтің айқын көрінісі.
 
✅ Арнайы ұйымдастырылған жиында ауданның бас имамы Үсен Саурбаев сөз сөйлеп, қайырымдылық жасап, қолдау көрсеткен ел ағаларына алғыс білдірді. Сонымен қатар, қазақы дәстүрге сай демеушілерге шапан жауып, алғыс хаттар табысталды.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі