ҚОЛӨНЕР ҚАЗЫНАСЫ – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ

ҚОЛӨНЕР ҚАЗЫНАСЫ – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
 
🇰🇿 Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Суретшілер және қолөнершілер одағының мүшесі, белгілі шебер Құрбанәлі Ағаділовпен «Шебер қолдың шежіресі» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
 
↪️ Кештің шымылдығы аудандық мәдениет үйі фойесінде ұйымдастырылған шебердің «Дала өрнектері» атты көрмесімен түрілді. Көрмеге қойылған ұлттық нақыштағы қолөнер туындылары мен ою-өрнекке бай шығармалар көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырды. Әрбір туындыдан қазақ халқының бай мәдениеті, салт-дәстүрі мен рухани мұрасы айқын аңғарылды.
 
↪️ Кездесуге аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, мәслихат депутаттары Нұрдаулет Ажибаев пен Болат Умутбаев қатысып, кештің мазмұнын арттыра түсті.
 
✅ Кеш барысында Құрбанәлі Ағаділов қолөнер саласындағы шығармашылық жолы, ұлттық өнерді дәріптеудегі ізденістері мен тәжірибелері жайында кеңінен әңгімелеп, жастарға тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара ұлттық өнердің қадір-қасиетін насихаттаған мазмұнды рухани кешке ұласты.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі