ТҰРҒЫНДАР ПІКІРІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ТҰРҒЫНДАР ПІКІРІ – БАСТЫ НАЗАРДА
 
🇰🇿Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың аудан тұрғындарымен кездесуі Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде жалғасты. Кездесу барысында аудан әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстарды саралап, 2026 жылға арналған жоспарларды таныстырды.
 
↪️Мәдени елді мекенінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. 2025 жылы 7 жобаға жалпы 106 млн теңге қарастырылды. Атап айтқанда, елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оң қорытынды алынды. Сондай-ақ Бәйшешек, С.Тілеуов, С.Бастықов көшелерін түнгі жарықтандыру жобасы дайындалып, қаржы бөлінді. Спорт кешенінің жобасын түзетуге де қаражат қарастырылды.
 
↪️Ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын 3 көшеге суағар орнату жұмыстары 2026 жылға өтпелі жоба ретінде белгіленді. Жалпы, ауыз сумен қамту, көшелерді жарықтандыру және спорт кешенін салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен балалар ойын алаңшасы салынып, елді мекенге кіреберіс жол жарықтандырылды.
 
✅2026 жылға 5 жобаға жалпы 308 млн теңге жоспарланған. Оның ішінде Мәдени елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы мен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауында 2-орын алған елді мекенде спорт кешенін салуға 150 млн теңге қарастырылды. Бұдан бөлек, «Бидайшы» каналын қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, Бәйшешек көшесінің 450 метріне шағал тас төсеу және көшеттерді суғару жүйесін орнату көзделген.
Сарқырама елді мекенінде де оң өзгерістер бар. Ауыл тумасының демеушілігімен балалар ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді.
 
📍Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі барлық өтініштер бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтіп, оларды шешу үшін бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Кездесуден кейін аудан әкімі жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі