
Кездесу барысында кәсіпорынның өндірістік қызметі, технологиялық мүмкіндіктері және алдағы даму жоспарлары таныстырылды. Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында түзілген меморандум бойынша әлеуметтік нысандар құрылысын аяқтау және 2022–2026 жылдарға арналған жол картасында көзделген міндеттемелердің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.