
Баяндамада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін негізгі бағыттар кеңінен қамтылды. Атап айтқанда, жаңа кәсіпорындар ашу, жұмыс орындарын құру және инвестиция тарту мәселелері басты назарда. Осы мақсатта Киелітас ауылдық округінде индустриялық аймақ құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 23,3 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 440 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.