
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, жол кедергілерін орнату, бейнебақылау камераларын орнатуда талаптарды сақтау, ағын су мәселесін шешу, Диханкөл елді мекеніне оқушыларды тасымалдау үшін жаңа автобус бөлу, ауыз су мәселесін реттеу, Алшалы елді мекеніндегі көпірді жөндеу, балабақшаны кеңейту, мал жайылымын ұлғайту, инвестициялық мүмкіндіктерді дамыту және кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелері көтерілді. Сонымен қатар спорт кешенінің құрылысын жүргізу және Диханкөл–Қасқасу бағытындағы көпірді жөндеу туралы ұсыныстар айтылды.