
Қабылдауға келген тұрғындар ауыз су жүйесін жақсарту, көшелерге асфальт жол төсеу, сондай-ақ жаңа мектеп құрылысын жүргізу қажеттігі секілді өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегіне тұру, апатты тұрғын үйлердің құжаттарын реттеу барысында туындаған сұрақтар да ортаға салынды.