
Күн тәртібінде инвестиция тарту және индустриалды аймақты жаңа жобалармен толықтыру мәселесі талқыланды. Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков баяндама жасап, саланы дамыту бағытындағы жоспарларымен бөлісті. Аудан әкімі жауапты бөлімдерге жаңа жобаларды іске қосу, кәсіпкерлермен тиімді байланыс орнату және ауданның инвестициялық әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.