АРМАНҒА БАСТАР АҚ ЖОЛ: ӘКІМ МЕН ТҮЛЕКТЕР КЕЗДЕСУІ

АРМАНҒА БАСТАР АҚ ЖОЛ: ӘКІМ МЕН ТҮЛЕКТЕР КЕЗДЕСУІ
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов «№7 IT лицей-мектептің» оқу залында аудандық білім бөлімінің «TAGYLYM» алаңында ауданға қарасты 69 білім ошағының бітіруші түлектерімен кездесіп, жас буынмен еркін пікір алмасты.
 
✅ Жиын барысында аудан басшысы жүрекке жылы тиетін мектеп жылдарындағы естеліктерін әңгімелеп, сол бір балалық шағында бойына сіңген көшбасшылық қасиеті, білімге деген құштарлығы мен елгезектігі бүгінде өмірлік бағдаршамына айналғанын әсерлі жеткізді.
 
✅ Кездесудің ерекше бір әсерлі сәті – алғашқы ұстазы Райгүл апаймен жүздесуі болды. Ұстазына деген шексіз құрметін білдірген Еркеғали Амантайұлы гүл шоқтарын табыстап, шәкірттік ізеттің жарқын үлгісін көрсетті.
 
✅ Келелі басқосуда жас түлектер үшін аса маңызды тақырыптар – мамандық таңдау, өмірлік жолды дұрыс айқындау, адаспай өз орнын табу мәселелері кеңінен қозғалды. Аудан әкімі өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарды биік мақсат қойып, сеніммен алға қадам басуға үндеді.
 
✅ Бұл кездесу жас буынға бағыт-бағдар беріп, жүректеріне үміт пен жігер ұялатқан тағылымы мол сәт ретінде есте қалды. Кездесу соңында аудан әкімі жастармен естелікке суретке түсіп, жиынға қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі