КИЕЛІ МЕКЕН — ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТАҒЗЫМ ОРНЫ.

КИЕЛІ МЕКЕН — ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТАҒЗЫМ ОРНЫ.
 
✅ Мемлекет басшысының бастамасымен республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында ауданда жүйелі және жоспарлы түрде ауқымды шаралар атқарылуда. Кезекті тазалық жұмыстары Қазығұрт тауының баурайында орналасқан, өзіндік ерекше тарихы мен аңыз әңгімелерге бай «Ақбура» әулие кесенесінде және Ғайып-Ерен Қырық Шілтен әулие киелі жерде жалғасты.
 
✅ Облыстық мәдениет басқармасы Тарихи мәдени мұра орталығы, аудан әкімшілігі, Amanat партиясы, Кемеқалған ауылдық округінің ұйымдастыруымен сенбілік жұмыстары өткізілді. Тазалық жұмыстары барысында киелі жер айналасы қоқыстардан тазартылып, шөптерін қырқу, ағаштарын бұтау және ақтау секілді істер атқарылды.
 
⚜️ Ауыл қариялары мен кесененің шырақшылары әулие басында ел амандығы үшін құран бағыштап, тазалық акциясына қатысушыларға ел алғысын жеткізіп баталарын берді.
 
⚜️ Айта кетейік, Ақбура бабамыз ХІІ ғасырда өмір сүрген, яғни Қ.А.Иасауидің заманында өмір сүріп, оның шәкірті болған, дін таратқан, дін жолындағы пенде болған деседі.
 
⚜️ Кей аңызға сүйенсек, Ғайып-Ерен Қырық Шілтен - бұл жерде Адам ата мен Хауа ана, сондай-ақ барлық жер-дүние, аң-құстар Алла Тағаланың құдіретімен ғайыптан пайда болыпты. Ғайып ерен – ғажайып күш, ал Қырық шілтен – көзге көрінбейтін қырық бір ата делінген.
 
📍 Баршаңызды қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосып, көпшілік орталарда белгіленбеген жерге қоқыс тастамауға, тұрғын үйлеріңіздің аумағын тұрақты түрде абаттандырып отыруға және тазалықты насихаттауға шақырамыз!
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі