
Компания өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта өндірістік сарқынды суларды толық тазартуға арналған заманауи қондырғылардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба еуропалық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылып, қажетті құрал-жабдықтар жеткізілген, құрылыс жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Тазарту нысанын биылғы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр, ал оны толық іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанына көзделген. Сондай-ақ, арнайы мекемелер жүргізген зерттеулер нәтижесінде ағынды сулардың көрсеткіштері белгіленген шекті рұқсат етілген концентрацияларға (ШРК) сай келетіні анықталды.