ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан активінің жиналысында жаңа орынбасарын таныстырды. Аталған лауазымға Ғалымжан Қолдасбекұлы Төлегенов тағайындалып, ол бұл міндетті уақытша атқаратын болады.
 
✅ Ғалымжан Қолдасбекұлы құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жетекшілік етеді.
 
✅ Ғалымжан Қолдасбекұлы 1984 жылы 9 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2006 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын, 2022 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған. Мамандығы – тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру, құқықтану және құрылыс.
 
✅ Еңбек жолын 2007 жылы Шымкент қаласындағы «Шымкент Рем Сервис» ЖШС вагон жөндеу депосында слесарь болып бастаған. Әр жылдары Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жетекші маман, Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар облыс әкімі аппаратында инфрақұрылым және әлеуметтік-экономикалық мониторинг бағытында қызмет атқарып, 2018–2022 жылдары Түркістан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды. Соңғы уақытта «Нұрқанатстрой» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған.
 
📍 Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жаңа орынбасарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылым саласындағы бірқатар міндеттер жүктеп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
 
©Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі