Республиканың 11 өңірінен келген 120 спортшы қатысып жатқан жарыс бес күнге жоспарланған. Ескекшілер 10 бағдарлама бойынша өзара мықтыны анықтап, чемпионат жүлделерін сарапқа салады. Аталған дода Қытайдың Хейфей қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі ретінде де маңызды.
Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров және ескек есуден мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Айдарханұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жергілікті жанкүйерлер бұл сында түркістандық спортшылар — Ульяна Киселева, Артем Терешенко, Ольга Шмилева, Полат Туребеков және Раматулла Бекарыстан жүлде күтеді.