АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ
 
✅Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға келген аудан тұрғындары өздерін толғандырған жайттарды жеткізді.
 
↪️Қабылдау барысында Көксәйек ауылдық округінен келген тұрғындар ауызсу, жер мәселесі және балалар ойын алаңшасын салу қажеттігін көтерді. Аудан басшысы барлық айтылған ұсыныстар бойынша нақты тапсырмалар беріп, тиісті бөлімдерге шешім қабылдауды тапсырды.
 
↪️ Алатау ауылдық округінің тұрғындары ауызсу және электр жарығы жайын сөз етті. Ал Леңгір қаласының тұрғыны тұрғын үй кезегіне қатысты сауалдарын қойып, уақытша баспана табуға көмек сұрады. Аудан әкімі бұл бағытта тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.
 
↪️ Сонымен қатар, Киелітас және Бірінші Мамыр ауылдық округтерінің шекарасын өзгерту және сол аумақта салынған тұрғын үйді елді мекен құрамына енгізу жайы да қаралды.
 
📍Тұрғындарды жеке қабылдау – халықпен кері байланысты нығайтып, өзекті түйткілдерді дер кезінде шешуге мүмкіндік беретін маңызды шара. Аудан әкімдігі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі