Алайда, көрсетілген мекенжай логистикалық компаниялардың ресми ресурстарын толығымен еліктейтін жалған сайтқа апарады. Пайдаланушыға жеке мәліметтерін - Т.А.Ә., ЖСН, тұрғылықты мекенжайын көрсету, сондай-ақ жеткізілімді қайта жеткізу үшін аз соманы төлеу ұсынылады.
Тиісті ақпаратты енгізгеннен және төлем төлегеннен кейін қылмыскерлер құпия деректер мен банк деректемелеріне қол жеткізеді, бұл қаржылық шығындарға ғана емес, сондай-ақ Сіздің дербес деректеріңізді қылмыстық схемаларда әрі қарай пайдалануға да әкелуі мүмкін. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым, бірақ маңызды сақтық шараларын сақтау қажет:
- егер Сіз жеткізілімді күтпейтін болсаңыз, мессенджер және SMS
хабарлардан сілтемелер арқылы өтпеу;
- сайт мекенжайын мұқият тексеру - алаяқтық ресурстар көбінесе бір
немесе екі әріппен, белгілермен ерекшеленеді;
- күдікті ресурстарға құпия және банктік ақпаратты енгізбеу;
- жеткізілімнің мәртебесін курьерлік қызметтердің, логистикалық
компаниялардың ресми сайттары мен қосымшалары арқылы ғана тексеру;
- күдікті хабарламаларды алған кезде оларды елемеу және бұғаттау.