
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – көктемгі ағаш егу жұмыстарына дайындық барысы болды. Бұл бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Айдос Бекеев баяндама жасап, жоспарланған жұмыстар мен дайындық деңгейі туралы ақпарат берді. Ол көгалдандыру жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.