
Мерекелік шара аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, ұлттық өнер дәріптелді. Алаңда әсем ән мен күй шырқалып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар тұрғындарға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық тағамдар әзірленді.
Айта кетерлігі, мерекеде ауданымызда тұратын барлық ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Салтанатты жиында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов құттықтау сөз сөйлеп, барша аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде:
«Наурыз – татулық пен мейірімнің, жақсылық пен жаңарудың мерекесі. Бұл күні адамдар бір-біріне ақ тілектерін айтып, өткенге өкпе артпай, болашаққа үмітпен қарайды. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық пен қуаныш әкелсін!» – деп атап өтті.