Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары! Ардақты ағайын!

Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары! Ардақты ағайын!
🇰🇿Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
 
⚜️Биыл бұл айтулы мереке Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурызбен қатар келіп, қос мерекенің шапағатын бірге сезінуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл – береке мен бірліктің, жаңару мен мейірімнің ерекше кезеңі.
 
✅Ораза айт – кешірім мен қайырымдылықтың, татулық пен ізгіліктің мерекесі. Айт күні әр шаңырақта ақ дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіледі.
 
✅Осындай асыл құндылықтарымыз қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайта түседі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр шаңыраққа шаттық пен береке орнасын!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Айт қабыл болсын! Наурыз құтты болсын!
 
Ізгі ниетпен,
Төлеби ауданының әкімі
Еркеғали Әлімқұлов