
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында, берекелі айдың соңғы күнінде Кемеқалған ауылдық округінде игі шара ұйымдастырылды. Ауылдық округ әкімдігінің бастамасымен, меценат, қоғам қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Әсет Қайыпбековтің демеушілігімен округ аумағындағы 7 білім беру ұйымынан жиналған 100 оқушыға арнайы сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.