
Іс-шара барысында қала көшелері мен тротуарлар, жол жиектері мұқият тазаланып, арық-лотоктардың іштері сыпырылды. Сонымен қатар, ағаштардың түбі әктеліп, қала аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл – тек тазалық шарасы ғана емес, қаланың көркеюіне және тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруына арналған маңызды іс-шара.