ЛЕҢГІР ҚАЛАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Төлеби ауданы, Леңгір қаласының орталық алаңында «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін тұрғындарға нарық бағасынан төмен бағада ұсынды.
Сатылымға көкөністер, жеміс-жидектер және басқа да азық-түлік тауарлары шығарылды. Нарық бағасынан 15–20 пайызға төмен ұсынылған өнімдерге дауыс берушілердің қызығушылығы жоғары болды.
Айта кетейік, Төлеби ауданы бойынша референдум учаскелерінің саны – 69. Қазіргі таңда аудан халқы 121 мыңнан астам адамды құрайды. Оның ішінде 69 358 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл жалпы халықтың 56,9 пайызына тең.