АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ, ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ, ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
 
🇰🇿Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерін салтанатты түрде марапаттап, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген іскер ханымдарға құрмет көрсетті.
 
✅Салтанатты жиында аудан басшысы көпбалалы аналардың қоғамдағы ерекше орнына тоқталып, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбегін атап өтті. Сонымен қатар аналарды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.
 
✅Шара барысында бірқатар аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталып, ауданның дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге аудан әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.
 
✅Көпбалалы аналар көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, ел болашағы үшін тәрбиелеп отырған ұрпақтарының елге қызмет ететін азамат болып қалыптасуына тілектестіктерін жеткізді.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі