МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ АЯУЛЫ АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген арулар қатысып, оларға ерекше құрмет көрсетілді.
Жиында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров мемлекеттік қызметтің дамуына үлес қосып жүрген әйелдерді мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында әйел-аналардың қоғамдағы орны, отбасы мен ел дамуына қосқан үлесі кеңінен айтылып, аналардың мейірімі мен жанашырлығы, парасаты мен еңбегі ерекше құрметпен аталып өтті.
Сонымен қатар, мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздар аналарға арналған әсерлі әндерін тарту етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.