БЕРІК ОТБАСЫ – БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ

БЕРІК ОТБАСЫ – БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ
 
🇰🇿Бүгін Жастар ресурстық орталығы ғимаратында «Отбасы – бақыт мекені» атты мазмұнды форум ұйымдастырылды. Тағылымы мол шарада отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.
 
✅Форумға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміскүл Мирова, аудан прокурорының орынбасары Олжас Марин, білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздар, сондай-ақ ауданымыздағы отбасылардың әлеуетін арттыруға үлес қосып жүрген «Әжелер» және «Аналар» кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, пробация қызметкерлері қатысты.
 
✅Форум барысында аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы отбасы құндылықтарын насихаттаудағы елеулі еңбегі мен азаматтық ұстанымы үшін бірнеше азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Бұл – қоғамдағы үлгілі азаматтарға көрсетілген құрмет және отбасы институтын қолдауға қосылған маңызды қадам.
 
✅Кездесуде спикерлер отбасы – мемлекеттің тірегі, ұлттың ұйытқысы екенін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар отбасыдағы сыйластық пен өзара түсіністіктің берекелі өмірдің негізі екенін талқылады. Форум аясында жастар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.
 
✅«Отбасы – бақыт мекені» атты шара берік отбасы – берекелі қоғам қалыптастырудың басты шарты екенін тағы бір мәрте көрсетті.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі