
Қабылдау барысында тұрғын үйді жекешелендіру, жеке жер учаскелерінің құжаттарын реттеу, жер құжаттарын заңдастыру, тұрғын үй кезегіне тұру және кезекті реттеу, әлеуметтік бір реттік жәрдемақы алу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жер құжаттарын электронды базаға енгізіп, тиісті қаулы дайындау бойынша туындаған мәселелер де көтерілді. Әрбір сұрақ заң аясында қаралып, нақты түсіндірмелер берілді.