
Рамазан – рухани тазару мен сабырдың, мейірім мен қайырымдылықтың айы. Бұл қасиетті кезеңде жасалған әрбір ізгі амал мен шынайы ниет адам баласын кемелдікке жетелеп, қоғамымыздағы татулық пен бірлікті нығайта түседі.
Ағайын арасындағы сыйластық артып, жүректерге иман ұялап, әр шаңыраққа береке мен тыныштық орнасын. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, тілеген дұға-тілектеріңіз орындалсын.