ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛДЫ
 
🇰🇿🇨🇳 Қытай Халық Республикасының "Ca Long" компаниясының өкілдері, Төлеби ауданы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында аудан кәсіпкерлерімен кездесті.
 
✅ Кездесу барысында орталықтың негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қаржылай және қаржылай емес бағдарламалар, сондай-ақ сервистік қызметтер туралы жан-жақты ақпарат берілді.
 
✅ Өз кезегінде қытайлық инвесторлар құрылыс саласына арналған өнімдері мен заманауи технологияларын таныстырып, құрылыс материалдарын өндіру және инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын білдірді.
 
✅ Тараптар өзара іскерлік байланыстар орнату, инвестициялық әлеуетті тиімді пайдалану және нақты жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі