ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ОРТА АЗИЯЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ОРТА АЗИЯЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
 
Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі робототехника және STEM-технологияларына арналған “ALEM TECH FEST - 2026” фестивалі өтті. Онда әлемнің 7 елінен 5 000-нан астам оқушы бас қосты. Олардың қатарында Түркістан облысының оқушылары да бар. Осы жарыста "FLL Challenge" санаты бойынша Түркістан облысының намысын қорғаған Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп интернатының “TOLEBI DARYN" командасы бас жүлдені жеңіп алды. Енді команда мүшелері биыл АҚШ-тың Хьюстон қаласында 29 сәуір-2 мамыр аралығында 192 мемлекет арасында өтетін “FIRST Championship” халықаралық чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
 
Сондай-ақ, “FIRST Tech Challenge” санаты бойынша қазығұрттық “Union Tur” командасы үлкен жетістікке жетіп, 4 жылдық оқу грантын жеңіп алды. Сонымен қатар, “FIRST LEGO League Challenge” бағыты бойынша “Qazygurt” командасы жоғары нәтиже көрсетті. Оларға “MOTIVATE AWARD” және “BEST PID AWARD” кубоктары табысталып, ең үздік командалық топ атанды. Нәтижесінде қазығұрттық оқушылары Бейжің қаласында өтетін “China FIRST LEGO League Off-Season - 2026” турниріне жолдама алды.