ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
 
🇰🇿Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруымен Ленгір қаласында ушу-саньда спортынан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Ауқымды додаға облыстың әр өңірінен келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
 
✅Жарыстың басты мақсаты — спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау. Чемпионат барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты белдесулер жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.
 
📌 Дүбірлі дода қорытындысы бойынша командалық есепте: Іорын – Төлеби ауданы
ІІ орын – Қазығұрт ауданы
ІІІ орын – Түркістан қаласы
 
🏆Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. Аталған чемпионат өңірде ушу-саньда спортын дамытуға серпін беріп, жас спортшылардың жаңа белестерді бағындыруына жол ашатын маңызды спорттық алаңға айналды.
 
©Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі