ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБТЫҢ І ТОҚСАНДАҒЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБТЫҢ І ТОҚСАНДАҒЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 
🇰🇿Төлеби ауданында нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі аудандық ведомствоаралық штабтың 2026 жылдың І тоқсанына арналған отырысы өтті.
 
✅Отырыста аудан аумағында есірткіге қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу, нашақорлықтың таралуына жол бермеу, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.
 
✅Күн тәртібінде:
▪️ 2025 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындылары;
▪️ білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары;
▪️ ақпараттық-түсіндіру және медиа жұмыстардың тиімділігі;
▪️ алдағы кезеңге арналған міндеттер мен ұсыныстар талқыланды.
 
✅Жиын барысында жауапты мекемелерге нашақорлықтың алдын алу бағытындағы кешенді профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және қоғаммен тығыз байланыс орнату бойынша нақты тапсырмалар берілді.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі