ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
 
🇰🇿Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қайратұлы төрағалық етті.
Отырысқа аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, дербес бөлімдер қала, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдары, пробация қызметі және өзге де жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.
 
✅Жиында аудан аумағында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, халықтың алкоголизациясының алдын алу шаралары, қаржылық алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалармен жүргізілетін жұмыстар сөз болды.
 
✅Комиссия мүшелері алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерінің алдын алу, профилактикалық рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіби жылыстатушыларға, дропперлер мен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырушыларға қарсы күрес бағытында тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын кеңейту ұсынылды.
 
✅Сондай-ақ пробация есебіндегі азаматтармен жүргізілетін әлеуметтік және тәрбиелік жұмыстарды күшейту, оларды жұмыспен қамтуға және қоғамға бейімдеуге қолдау көрсету арқылы қайта құқық бұзушылық жасау деректерінің алдын алу қажеттігі айтылды.
 
📍Мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөнінде шешімдер қабылданды.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі