ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА
 
🇰🇿Төлеби ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қайратұлы аудан прокуроры Дабыл Аянұлымен бірге Бірінші Мамыр және Киелітас ауылдық округтеріне қарасты «Қамшақ», «Боз» және «Гуляй поле» каналдары мен қашыртқылардың жай-күйін зерделеді.
 
✅ Аталған аумақтарда су тасқынының алдын алу, арық-атыздардың тазалығы мен су өткізу қабілетін арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Су басу қаупі бар учаскелер араланып, Алатау ауылдық округіндегі Ақмешіт шатқалында сырғыма қаупі бар аумақтар бақылауға алынды.
 
✅Жауапты сала мамандарына су арналары мен қашыртқыларды уақытылы тазалау, қауіпті аймақтарда алдын алу шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Көктемгі су тасқыны кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екені атап өтілді.
 
📍Қазіргі таңда каналдарда тазалау және су өткізу қабілетін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар көктемгі жауын-шашын мен еріген қар суларының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған. Аудан аумағында су тасқынының алдын алу жұмыстары тұрақты бақылауда болады.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі