
Соңғы уақытта автожолдарда қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларының кесірінен жол-көлік оқиғалары жиілеп отыр. Мұндай жағдайлар адам өміріне қауіп төндіріп, кей жағдайда ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты, жол бойында қараусыз бағылатын ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Құрметті жерлестер!

Ауданның ветеринариялық қызметі мен аудан әкімдігі бірлесе отырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі талаптарды қатаң сақтауды сұрайды:

Ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жібермеңіздер;

Мал жаю үшін арнайы белгіленген орындарды пайдаланыңыздар;

Жануарлардың жол жиегіне немесе жүріс бөлігіне шығуына жол бермеңіздер;

Түнгі уақытта жол маңында жайылатын малдың мойнына жарық шағылыстыратын арнайы ленталар тағуды қамтамасыз етіңіздер;

Жануарларға ветеринариялық көмек қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі арқылы хабарласыңыздар.