“МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА: БІР МАҚСАТ, БІР БАҒЫТ” ТАҚЫРЫБЫНДА АҚЫЛДАСУ САҒАТЫ ӨТТІ

“МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА: БІР МАҚСАТ, БІР БАҒЫТ” ТАҚЫРЫБЫНДА АҚЫЛДАСУ САҒАТЫ ӨТТІ
 
🇰🇿 «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Төлеби ауданында мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Аудан әкімдігі, аудандық білім бөлімі және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырған ата-аналармен ақылдасу сағаты кең ауқымда өтті.
 
✅ Іс-шараның мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті күшейту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті айқындау, білім беру мен тәрбиелеу үдерісінде бірлескен әрі жүйелі жұмыстың маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды.
 
✅ Ақылдасу сағатына аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық прокуратура өкілі Аяр Садуақас, Төлеби аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Сұлтан Әуелбек, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Ғалымжан Ештаев, сондай-ақ барлық мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен ата-аналар қатысты.
 
✅ Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы ашып, жастар мен оқушылар арасындағы өзекті мәселелерге тоқталып, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
 
✅ Күн тәртібіне сәйкес бірқатар мазмұнды баяндамалар тыңдалды.
— Әдістемелік кабинет әдіскері Мейраш Аяшова қыркүйек–қаңтар айлары аралығындағы құқықбұзушылық бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелерін ұсынды.
— Полиция қызметкері Сұлтан Бердадинұлы оқушылар арасындағы құқықбұзушылық деректеріне жан-жақты талдау жасады.
 
✅ Сондай-ақ, Ғалымжан Ештаев мектеп, ата-ана және қоғамның бірлескен іс-қимылының маңыздылығына тоқталды.
Ал әдістемелік кабинет әдіскері Дарганова Асель «Психолог + ата-ана = бақытты бала» тақырыбындағы психологиялық жобаны таныстырды.
 
✅ Шара барысында сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, ата-аналар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Көтерілген сұрақтарға аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы жан-жақты жауап беріп, бала тәрбиесі үздіксіз әрі бірлескен еңбекті талап ететінін атап өтті.
 
🤝 Мектеп пен ата-ана бірлесе әрекет еткенде ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болатыны айтылып, балалардың жарқын болашағы үшін ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға шақырылды.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі