АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН НАЗАРҒА АЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН НАЗАРҒА АЛДЫ
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаровпен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 
✅Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй кезегін анықтау, кезектілік тәртібі, мемлекеттік тұрғын үй беру мерзімдері, сондай-ақ ауыз су мәселесі мен электр желісінің қуатын арттыру жөнінде сауалдарын көтерді.
 
✅Аудан әкімі әрбір өтініш назардан тыс қалмайтынын айтып, барлық мәселе қолданыстағы заңнама аясында қаралып, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді. Қабылдау барысында тұрғындардың мәселелерін шешуге бағытталған нақты іс-шаралар жоспары да талқыланды.
 
📍 Айта кетейік, аудан әкімдігі ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері әрдайым басты назарда болатынын көрсетеді.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі