
Сонымен қатар, Ленгір қаласындағы Қапал батыр көшесінде салынып жатқан бес қабатты үш тұрғын үйдің құрылыс барысы таныстырылды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған тұрғын үйлер баспанасы апатты жағдайда тұрған азаматтарға беріледі. Нысандарды аралау барысында Мәжіліс депутаты құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.