ТӨЛЕБИ АУДАНЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҮЗДІК АУДАН

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҮЗДІК АУДАН
 
🇰🇿Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен дене шынықтыру және спорт саласының жыл қорытындысына арналған салтанатты марапаттау рәсімінде Төлеби ауданы «Үздік аудан» номинациясы бойынша жоғары марапатқа ие болды.
 
✅Бұл жетістік – аудан көлемінде спорт саласын жүйелі дамыту, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту бағытында атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижесі. Төлеби ауданында спорт инфрақұрылымын дамытуға, спорт нысандарын тиімді пайдалануға және білікті жаттықтырушылармен қамтамасыз етуге тұрақты түрде ерекше көңіл бөлініп келеді.
 
✅2025 жылы Төлеби ауданының спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарды иеленді. Аудан спортшыларының жетістіктері өңір спортының дамуына елеулі үлес қосты.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі