ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ЕКІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ЕКІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
 
 
🇰🇿 Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Төлеби аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс отыз екінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық әкімдікке қарасты бөлім басшылары және тиісті мекемелердің өкілдері қатысты.
 
📍Мәжіліс басталмас бұрын ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар ауданның Құрмет Грамотасымен, аудан аумағында облыстық "AMANAT BARYSY" турнирін өткізуге ат салысқан азаматтар "Алғыс хатпен" марапатталды.
 
✅ Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №22/122-VIII «2025–2027 жылдарға арналған қала және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған қала мен ауылдық округтердің бюджеттеріне қатысты мәселелер талқыланды.
 
✅ Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлының сегізінші шақырылымының сессия алдындағы есебі тыңдалды. Күн тәртібіне сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын аудандық жергілікті атқарушы органдардың мәдениет және спорт саласы мамандарына сыйақы төлеу, сондай-ақ Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту мәселелері қаралды.
 
✅ Сессия барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді. Қорытынды сессия аясында марапат иелерін және жиналған жұртшылықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта депутаттармен бірлесе отырып жүйелі жұмыс жүргізуге шақырды. Сонымен қатар, өткен жылдың жетістіктеріне тоқталып, алдағы жылы да ауданның үздіктер қатарынан көрінуіне тілектестігін білдірді.
 
📍Жиын қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, сессия өз жұмысын белгіленген тәртіпте аяқтады.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі