«Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына конкурс жариялайды  

«Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі  «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына конкурс жариялайды   

 

«Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы - 1 бірлік.

Конкурс өткізілетін орын: 161100 Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Әйтеке би көшесі 28 үй, 2 қабат, 206 кабинет, байланыс телефоны 8(72547) 5-95-43, эл. адрес: tolebi.ovp@mail.ru

Конкурс өткізетін мекеме: «Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

Негізгі функционалдық міндеттері: Коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, «Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ тікелей бағынады;

-Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, облыс, аудан әкімдігі қаулылары, шешімдері мен өкімдері, бөлім басшысының бұйрықтарының орындалуын ұйымдастыру;

-Жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;

-Жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмектер көрсетеді;

-Жастар арасында жұмысқа орналасуға ықпал ету, кәсіптік бағдар беру, волонтерлік қозғалысты және кәсіпкерлікті белсендіру бойынша жұмыстар жүргізеді;

-Жастар жобалары мен жастар бастамаларын сүйемелдеуді және қолдауды, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық өзін-өзі іске асырушылық және өзін-өзі ұйымдастырушылық әлеуеттерін жандандыруды жүзеге асырады;

-Жастар арасында ахуалды зерделеу бойынша талдамалық жұмыстарға қатысады;

-Өмірлік қиын жағдайына тап болған жастар мен жас отбасыларға психологиялық көмек көрсетеді;

-Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады, мекеме қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі, олардың тиісті дәрежеде орындалуы мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

-Мекеменің жұмысын жоспарлайды, оның орындалуын қамтамасыз етеді;

-Мекеменің қолданыстағы нұсқаулық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мекемеге жүктелген басқа да жоспар, тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

-Жұмысқа қабылдау және шығару, іс-қағаздар мен келісім шарттарға қол қою;

-Мекеменің жұмыс әдісі мен стилін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу;

-Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды;

-Кадрлардың кәсiби шеберлiгiн арттыруға жағдай жасайды.

 

Орташа жалақысы: Жұмыс өтіліне сәйкес 181 572 - 220 150 теңге аралығында.

 

Негізгі талаптар: Жұмысты болжай және жоспарлай білу, қарамағындағы қызметкерлердің жұмыс сапасын бақылау және ұйымдастыру, тапсырмалардың орындалуын қадағалау.

Білімі бойынша педагогикалық, психологиялық, экономикалық, гуманитарлық, заңгерлік, техникалық білімі және жастармен жұмыс тәжірибесі бар адамдар жіберіледі.

Конкурс өткізу мерзімі: Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі осы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептелетін күнтізбелік он бес күн өткен соң бес жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылардың тізімін белгілейді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

Бiлуге мiндеттi: ҚР Конституциясы, ҚР «Еңбек Кодексі», ҚР «Азаматтық Кодексі», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы», ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы», ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі», «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», ҚР «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын және мемлекеттік тілді білуі. Мекеме қызметiнiң негізгі мақсаты жастар саясаты саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» №1017 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу мына мекенжай бойынша өтеді: Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Әйтеке би көшесі 28, 2 қабат, №206 кабинет.