ТӨЛЕБИДЕ ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ТӨЛЕБИДЕ ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
 
🇰🇿Төлеби ауданында өрт қауіпсіздігін және газдан уланудың алдын алу мақсатында маңызды шаралар қолға алынды. Аудан әкімдігі 429 дана газ дабылқақыш сатып алып, оны тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру үшін орнату жоспарын бекітті.
 
✅Газ дабылқақыштары мемлекеттік қызметшілер, қала және ауылдық округ әкімдері, білім бөлімі, дербес бөлімдер және аудандағы мекемелердің қызметкерлері жеке қаражаты есебінен сатып алынған. Құрылғылар арнайы назарда тұрған, аз қамтылған, көмекке мұқтаж және көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлеріне орнатылатын болады.
 
✅Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер #ӨзіңненБаста челленджін қолдауды жалғастырып, газосигнализаторды өз үйлеріне орнатуды жалғастыруда. Қауіпсіздікті өз үйінен бастау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін ұмытпайық.
 
✅Бұл іс-шара аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам болып табылады. Газ дабылқақыштарының орнатылуы өрт пен газ апаттарының алдын алуға қосымша кепілдік беріп, тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға үлес қосады.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі