ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
 
🇰🇿Бүгін "AMANAT" партиясы Төлеби аудандық филиалының «Әйелдер қанаты» ұйымының жетекшісін бекіту және аудандық бөлімшенің ресми ашылу жиыны өтті. Жиын барысында партияның "Әйелдер қанатының" филиал жетекшісі қызметіне Айдарқұлова Гүлжан Алтынбекқызы тағайындалды.
 
✅Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, сондай-ақ партияның аудандық атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров қатысты.
 
✅Партияның Әйелдер қанаты әлеуметтік әділдікке, отбасы институтын нығайтуға, және әйелдердің көшбасшылық әлеуетін ашуға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеді. Қазіргі таңда Түркістан облысы "Әйелдер қанаты 10 бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
 
✅Жуырда «Әйел Аманаты» телебағдарламасы іске қосылып, аудан мен қалаларда «Денсаулық керуені» ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жастар арасында маңызды мәселе болып табылатын «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинарлар өткізілді.
 
📌Гүлжан Алтынбекқызы ұжыммен бірге әйелдердің әлеуетін арттыруға, партия жұмысын жандандыруға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға күш салатынын атап өтті.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі