
«Өрт – бір ғана ұшқыннан басталып, санаулы секундтар ішінде үйді де, адам өмірін де жалмап кетуі мүмкін аса қауіпті құбылыс. Тұрғын үйлерде орын алатын өрттің салдары адам өміріне, денсаулығына және мүлікке айтарлықтай зиян келтіретіні баршаңызға белгілі. Сондықтан өрттің алдын алу – әрбіріміздің ортақ әрі маңызды міндетіміз. Сақтық шараларын сақтау – тек өз қауіпсіздігіміз үшін ғана емес, отбасымыздың амандығы үшін де аса қажет», – деді аудан басшысы.