
Жауапты мекемелердің қорытындысына сүйене отырып, аталған ескерткішті орнату қазіргі кезеңде тоқтатылды. Сонымен қатар Еркеғали Амантайұлы «Парасатты Қазақстан» қоғамдық ұйымына бабаларға арналған ескерткішті ономастика комиссиясының рұқсатынсыз орнатуға болмайтынын айтты. Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындардың пікірін тыңдап, барлық сұрақтарға жауап берді. Ол ауыл келбетін жақсартуға бағытталған өзге де бастамалардың әрқашан қолдау табатынын атап өтті.