Жетісай ауданының Алғабас ауылында орын алған қасіретті оқиға – бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған ауыр жағдай. Өрт салдарынан екі отбасының он екі мүшесінің қаза болуы – айтуға да ауыр, жүректі тербеткен орны толмас қайғы.
Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақпыз.
Алла Тағала қаза болған жандарды жәннаттан етіп, артына қалғандарға сабыр берсін.
Зардап шеккен азаматтардың тез сауығып кетуін тілейміз.